Алдын ала мәлімет бойынша, 16-17 жастағы бірнеше оқушы емтихан аяқталғаннан кейін табиғат аясында демалуға барған. Куәгерлердің айтуынша, өзен жағасында барлығы бес жасөспірім – үш қыз және екі ұл болған.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, оқиға кезінде қыздардың бірі суға батқан достарын құтқаруға тырысқан, алайда өзі де ағысқа түсіп кеткен. Нәтижесінде үш жасөспірім судан шыға алмай, қайтыс болды. Ал қалғандарының бірін сол маңда жүрген жастар құтқарып үлгерген.
Кей деректерге сәйкес, жасөспірімдерді демалыс орнына көлікпен жасы үлкен таныстары жеткізген. Ол олардың суға түсетінін білмегенін айтқан.
Құтқарушылардың мәліметінше, екі адамның денесі кешкі уақытта табылса, үшінші жасөспірімнің денесі кейінірек анықталып, судан шығарылған.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Төтенше жағдай қызметі тұрғындарды су айдындарында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
Шомылу маусымы басталды: Су айдындарындағы қауіпсіздік деңгейі қандай?