Ұстаз • Бүгін, 09:08

Бала болмысының бағбаны

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

5 қазан. Ғалым да, шахтер де бас иетін кәсіп иелерінің мерекесі – бұл. Нақ осы кәсіптің киесі де, құрметі де сонда, ел басқарған бүгінгі тұлға да, көш бастаған кешегі көсем де, сан саланың тасын өрге домалатқан сақа маман да – бәрі сол әріп танытып, тәлім-тәрбие берген ұстаздың алдынан өтеді. Ақиқатында «Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі».

Бала болмысының бағбаны

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «ЕQ»

Елімізде кейінгі жылдары білім беру саласының қызметкер­леріне айрықша көңіл бөлі­не бастады. Мұны «Педагог мәр­тебесі туралы» заңының қабыл­дануынан бас­тап, жалақының жүйе­лі және тұрақты арттыруынан, әлеуметтік көмектерді қарас­тыру, педагогикалық маман­­дықтарында оқитын студент­терге өзгелерге қарағанда артығырақ стипендия төлеу, санат бойынша қосымша үстем­ақы­лардың енгізілуі, ұдайы тегін оқытып отыру секілді кешенді қолдаудың іске асырылуынан көре аламыз.

Бұл мамандықтың маңы­зы, сал­мағы оның жауап­­­кер­ші­­лігінде болса керек. Себе­бі ол – тұлға қалыптас­тыру­­шы, ұр­пақ болмысының бағ­ба­ны. Сон­дықтан да қай кезде бол­сын қо­ғам мұғалімнен балаға беретін біліммен қатар дұрыс тәрбиелеуді күтеді. Себебі ұрпақ тәрбиесі ата-ана мен педа­гогтің қолында. Осы жауап­кершілік жүгі Мемлекет басшысы идеясымен қолға алын­ған «Адал азамат» біртұтас тәр­­бие бағдарламасында ай­қын­далып отыр. Басты міндет – жас ұрпақ­тың санасына ­ұлт­­тық және жалпыадамзаттық құн­ды­лық­тарды сіңіру, оларды отаншыл рухта тәрбие­леп, жаңашылдық пен жасам­паздыққа баулу.