Кино • 24 Қыркүйек, 2025

Алматыда сериал фестивалі ашылды

610 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда Орталық Азиядағы тұңғыш индустриялық сериалдар фестивалі – Almaty Series Festival өз шымылдығын ашты. Алғашқы көрсетілімде отандық «Қазақтың қорқынышты ертегілері» атты туындының үш сериясы ұсынылды. Dark fantasy жанрындағы бұл жоба – қазақстандық кинематографияда теңдесі жоқ еңбек. Фильмнің әлемдік премьерасы Канададағы Fantasia International Film Festival аясында өтіп, халықаралық сыншылардан жоғары баға алған еді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда сериал фестивалі ашылды

Фото: Kazpravda.kz / Юрий Беккер

Фестиваль биыл он жылдық тарихы бар «Baiqonyr» халықаралық дебюттік және қысқаметражды кинофестивалі аясында ұйымдастырылды. Оны Kazakh Festival Hub компаниясы қолға алды. Ұйымдастырушылардың дерегінше, форумға қатысу үшін Орталық Азия елдерінен 67 өтінім келіп түсті. Іс-шараға режиссерлер, сценаристер және продюсерлер қатысып отыр.

Бағдарламаға орталықазиялық үздік сериал конкурсы, ұлттық тәуелсіз пилоттық эпизодтар байқауы және шеберлік сабақтары, дәрістер мен панельдік пікірталастар енгізілген. Фестивальдің ерекше күтілетін бөлігі – француздық Series Mania фестивалінің Serial Bridges атты уоркшопы. Ол бұған дейін тек Рио-де-Жанейро мен Стамбулда өткен болатын.

Мамандардың айтуынша, сериал өндірісі заманауи технологиялармен қатар OTT-сервистер, стримингтік платформалар мен онлайн-кинотеатрлардың қарқынды дамуы арқасында ерекше серпін алуда. Тек 2025 жылдың өзінде Қазақстанда үш жаңа стримингтік сервис іске қосылды.

Соңғы жаңалықтар

Елге сенімі жоғары

Қоғам • Кеше

Мұратану мұраты

Ғылым • Кеше

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • Кеше

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • Кеше

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • Кеше