Алматы • Бүгін, 08:50

«Гүл Алматының» жаңа тынысы

10 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Қазақ мәдениеті мен өнерінде Алматының орны ерекше. Бүгінде қала күні халықтың атаулы мерекесіне айналды. Осыған орай, «Kaspi.kz» пен «OYU» жобасы алматылықтарға қала күніне арнайы сыйлық жасады. Атап айтқанда, бұл – M’DEE, Orynkhan және Роза Рымбаеваның орындауындағы жаңа «Гүл Алматы» трегі.

«Гүл Алматының» жаңа тынысы

Суреттерді түсірген – Руслан Усманханов

Қала күніне музыкалық сыйлық жасау жоспары жарты жыл бұрын пайда болған. Сонда «Гүл Алматы» әні бірден таңдалыпты. Оны көп жыл бұрын Александр Зацепин «Тақиялы періште» фильмі үшін жазып, алғашында Кеңес одағының халық әртісі Ермек Серкебаев орындаған. Ән кейін Батырхан Шүкеновтің орындауында қайта танымал болды. «Дәл осы туынды Алматы күніне ерекше сай келеді және қалаға деген сүйіспеншілікті білдіреді», дейді режиссерлер Аида Аблаева мен Рина Наумова. Бұл жолы «Гүл Алматы» әнін аты аңызға айналған Роза Рымбаева мен танымал, заманауи музыканттар M’DEE мен Orynkhan орындайды.

сми

Жаңа тректің түсірілімі 7 қыр­күйекте өтті. Түсірілім алаңы – Абай атындағы Қазақ мемлекеттік акаде­миялық опера және балет театры, театр маңындағы гүлзар. Әртістер кадрда кездеспейді және әрқайсысы тректі өзіндік нұсқада орындайды. Оларды музыканттар мен түсірілім алаңына келушілер сүйемелдеді.

«Алматы – жай ғана түсірілім орны емес, ол жеке кейіпкер іспетті. Біз қаланың көшелеріне, тұрғындарына деген сүйіспеншілігімізді жеткізгіміз келді. Сол себепті кадрларда сая­бақтар мен гүлзарлар ғана емес, қала тұрғындары да бар», деді режиссер Рина Наумова.

Клиптің түсірілімі «Kaspi.kz» қол­дауымен өтті. Бір жыл бұрын ең инновациялық технологиялық ком­пания «OYU»-дың бас серіктесі атанды. Бұған дейін бірге жүзеге асырылған «Nauryz Special» жобасы ел тұрғындарына Наурыз мерекесі аясында сыйға тартылған еді. Енді, міне, кезек Алматы күніне келіпті.

«Бізге Kaspi.kz-тің қолдауы аса қажет, себебі дәл осындай серік­тестердің арқасында идеяларымызды толыққанды жүзеге асыра аламыз. Осындай танымал және бәрі қолда­натын ірі брендтердің Алматыдай ару қаламызға рахмет айту туралы ұсынысымызды қолдағаны маңызды. Яғни мұндай әрекеттері «Kaspi.kz»-тің Алматы мен оның тұрғындарына деген махаббатын білдіреді», дейді бұл туралы режиссер Аида Аблаева.

 ббб

M’DEE:

«Kaspi»-дің осындай керемет шығармашылық жобаларға қолдау көрсетуі сөзсіз үлкен қадам дер едік. Бұл біздің Қазақстан үшін, қала­мыздың және еліміздің шығармашылық ортасы үшін өте маңызды. Мен мұндай жобалардың пайда болып жатқанына қуаныш­тымын және олардың әлі де көбейе­тініне сенемін».

Ал осы қалада жұлдызы жанып, тыңдармандарына шабыт сыйлаған Роза Рымбаева жүрекжарды лебізін былай білдірді:

«Менің ойымша, табысты компаниялар мен бизнесмендердің өмірін өз еліне деген сүйіспеншіліксіз елестету мүмкін емес. Бұл жоба да олардың өз қаласына деген сезімін білдіреді. Олар қала тұрғындары мен қонақтары үшін түсірілімдер мен концерттер ұйымдастырады, ал біз, әншілер, оған шын жүректен қатысамыз», деді әнші.

пр

Бірнеше түсіру тобы түсірілім алаңының әртүрлі бұрышында жұмыс істеді. Оқиғаны Orynkhan ашты – таңның атуы, оянған қала, алматылық үйлердің балкондары... Жарық, жылы көріністер көрер­мен­дерге ерекше әсер сыйлады деген ойдамыз. Ал Orynkhan-ның өзі:

«Бәрі ойдағыдай болды. Осы бір үлкен жобаны ертеңгі тарих деп есептеймін. Бұл интернет желісіне түседі, болашаққа белгі ретінде қалады. Бүгін ғана емес, 10 жыл, 50 жыл­дан кейін де адамдар тыңдап, көре алады. Кішігірім архив ретінде сақ­та­лады. Сол үшін осындай сапалы архив, сапалы тарихтың жасалуына қаты­сып жатқаныма қуаныштымын», деді.

Оқиға әрі қарай M’DEE-дің орындауында жалғасты. Музыкант музыканттармен сөйлеседі, саябақ­та ән айтады және жол бойымен серуен­дейді.

 

M’DEE:

«Жалпы, жұмысымның үлкен бөлігі Алматымен байланысты. Қалай болғанда да, өзімді нағыз алма­тылық ретінде сезінемін. Мен бұл қаланы шын жүрегіммен жақсы көремін, сондықтан мұндай жобаға қатысу – біз үшін үлкен мәртебе. Әсіресе «Гүл Алматы» әні – мені музы­кант еткен, музыкаға деген сүйіс­пеншілікті оятқан әндердің бірі», деді өнер иесі.

пр

Атақты әнші Роза Рымбаева аталған туынды туралы ойын былай жеткізді:

«Бұл әнді ұлы әншіміз Ермек Серкебаев орындаған. Ермек ағадан кейін сүйікті бауырымыз, өте жоғары деңгейдегі әнші, музыкант, композитор Батырхан Шүкенов шырқады. Осы жолы маған кезек келді. Мен, әрине, Ермек ағаға да, Батырханға да ұқсамаймын, Роза Рымбаева болып әуелетіп саламын. Себебі жарты ғасыр осы Алматыда тұрамын, үлкен сахналарында ән салып келемін, неге бұл әнді орындап көрмеске? Өзімнің жүрегіммен, өзімнің дауысыммен, өзімнің мәнеріммен шырқаймын. Сондықтан бұл да – Алматыға деген ерекше махаббаттың белгісі».

Бейнеролик Роза Рымбаеваның орындауымен аяқталады. Әйгілі әнші тректі көптеген музыкант, сүйемелдеушімен бірге орындады. Халықтың сүйікті әртісі үшін бес мың қызғалдақ гүлінен тұратын үлкен гүлзар жасалған.

Соңғы жаңалықтар

2,4 миллиард несие берілген

Шаруашылық • Кеше