Саясат • Бүгін, 07:45

Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ресей Федерациясы Алтай Республикасының Горно-Алтайск қаласында өтіп жатқан «Алтай – түркілердің ата қонысы. Түркі өркениетінің қалыптасу тарихы» атты ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысты. Іс-шараға Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Мажарстан, Моңғолия, Ресей, Түрікменстан, Өзбекстан мемлекеттерінің лингвистері, археологтері, алтайтанушылары, түркологтері, тарихшылары жиналды.

Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты

Конференцияның ашылуында Мемлекеттік кеңесші Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысушыларға арнаған құттықтау хатын оқып берді. Сондай-ақ Ресей Федера­циясы Президентінің көмекшісі Владимир Мединский және Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Иманқұлов құттықтау сөз сөй­леді.

Ерлан Қарин түркі өркениетін зерттеуге арналған мұндай іс-шаралардың өткізілуі ғылым саласындағы байланыстарды кеңейтетін маңызды бағыт екенін атап өтті. Осы тұрғыдан алғанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Трансалтай диалогін» бастау жөніндегі ұсынысының мәні зор. Бұл өңірдегі ғылыми-гуманитарлық және экономикалық ынтымақ­тас­тықты дамытуға ықпал ету­ді көздейді. Сонымен қатар Мемлекеттік кеңесші биыл Қазақ­станда әлемнің 11 елінен келген қонақтардың қатысуымен «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық фестиваль ұйымдастырылғанын еске салды.

Сөз соңында Ерлан Қарин сындарлы әрі ашық ғылыми пікірталас алаңын ұсынған ұйымдастырушыларға алғыс айтып, қатысушыларға нәтижелі жұмыс пен толайым табыс тіледі.