ЖОЛДАУ • Бүгін, 08:40

Қуатты мемлекетке айналудың алғышарты

10 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауы – еліміздің дамуына айқын бағдар беретін стратегиялық құжат. Жолдауда айтылған әрбір тұжырым Ұлттық ұланның күнделікті қызметімен және азаматтық қоғамның сұранысымен үндеседі.

Қуатты мемлекетке айналудың алғышарты

Сурет: dknews.kz

Президент атап өткендей, «Заң және тәртіп» – мемлекетіміздің мызғымас тұғыры. Бұл қағида­ны берік ұстану – ұлттық қауіпсіз­дікті нығайту мен ел ішінде тұрақ­тылықты сақтаудың басты ал­ғышарты. Қоғамда құқықбұзушы­лыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру – барша мемлекеттік органның және әрбір азаматтың ортақ міндеті. Осы бағытта Ұлт­тық ұлан жауынгерлері күн са­йын тәр­тіпті қамтамасыз ету, құқық­бұзу­шылықтың алдын алу, аза­­мат­тардың тыныштығы мен қауіп­сіздігін қорғау ісінде табанды қызмет атқарып келеді. Прези­денттің бұл саладағы бастамаларын толық қолдаймыз және оны жү­зеге асыруға бар күшімізді саламыз.

Жолдаудағы қоғамдық орын­дардағы дөрекілік пен тәртіпсіздікке қарсы тұру қажеттігі жөніндегі ой да өте орынды. Өркениетті қоғам­ның негізі – мәдениет пен әдеп. Ә­скери қызметші үшін де сы­пайылық пен тәртіпті сақтау – бас­ты қа­сиеттердің бірі. Сондықтан Ұлттық ұлан әскерилері қоғамдық тыныштықты күзету­мен қатар, қо­ғамда сыйластық пен құрмет мәде­­ниетінің орнығуына үлес қоса береді.

Мемлекет басшысы ел бірлігін нығай­туға ерекше тоқталды. «Әр­бір азамат мем­лекетшіл, отаншыл болуы керек», деген сөзі кәсі­би парызымызбен толық үнде­седі. Ұлттық ұлан сарбаздары үшін Отанға адал қызмет ету, еге­мен­дікті қор­ғау, жер тұтастығын сақтау – қасиетті борыш. Халқымыз татулықты сақтап, бір­лігін арттыр­ған жағдайда ғана кез келген қиындықты еңсеріп, алға нық қадам жасай аламыз.

Президент жастардың жаңа ұрпа­ғы­на үлкен сенім артып отыр. Жолдау­да айтылғандай, қазіргі жас буын үшін патриотизмнің басты көрінісі – жасам­паздық пен жаңашылдық. Бұл – уақыт талабына сай құбылыс. Жастар ғылым-білімге ұмтылып, заманауи технология­ларды меңгеріп, жасанды интеллектіні игеру арқылы елімізді өркениетті елдер қатарына қосуға талпынып жатыр. Ұлттық ұлан қатарындағы жас сарбаздар да осы ұмтылысты өз бойына сіңіріп, ел дамуына өз үлесін қосуға дайын.

Мемлекет басшысы сілтеме жасаған хакім Абайдың «Адамның адамшылы­ғы ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деген сөзі әрбір азамат үшін өмірлік ұстаным деп білеміз. Ол бұл ойды жалғастырып, өркениетті елдің басты ерекшелігі – әділ заң, білікті билік, саналы әрі белсенді азамат екенін атап көрсетті. Бұл қағидаттар – құқықтық тәртіп әскери қыз­метінің де негізі. Әрбір әскери қыз­метші әділдікке, тәртіп­ке, елге адалдықпен қызмет етуге ант берген.

Жолдауда көтерілген тағы бір маңыз­­ды мәселе – мемлекет дең­гейін­де қабыл­­данған шешімдер халық­тың тұр­мы­­сын жақсартуға, эконо­миканы тұрақтан­дыруға, әлеу­меттік әділеттілікті орнық­тыру­ға ба­ғытталуға тиіс екені. Бұл – ел­­дің жаңа тұрпатты, қуатты мемле­кетке ай­налуының басты жолы. Ұлттық ұлан өз кезе­гінде ішкі тұрақ­ты­лық­ты нығайтуға және қо­ғамдық қауіп­­сіздікті қам­тамасыз етуге үлес қо­сып, осы үл­кен мақсатқа қызмет етеді.

Еліміз бүгінде жан-жақты, түбе­гейлі реформалардың арқасын­да дамудың жаңа кезеңіне қадам бас­ты. Алда ауқымды міндет тұр. Бағ­да­­рымыздан айнымай, алға қарай нық қадам бассақ қана мықты мемлекет боламыз. Прези­дент­тің стра­тегиялық бастамаларын жүзеге асыруда Ұлттық ұлан әскери қызмет­ші­л­ері әрқашан алдыңғы сапта болып, халық пен мемлекетке адал қызмет етеді.

 

Талапкер ӘМІРЕЕВ,

генерал-майор,
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы