ЖОЛДАУ • Бүгін, 08:38

Бәсекеге қабілеттілікті күшейтеді

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Жолдауда инвестиция тарту мен елдің инвестициялық ахуалын жақсартудың маңыздылығын тағы да атап өтті. Қазіргі геосаяси тұрақсыздық пен әлемдік экономиканың үдемелі фрагментациясы жағдайында бұл міндет ерекше мәнге ие.

Бәсекеге қабілеттілікті күшейтеді

Сурет: facebook.com/kisi.kz

Ел үшін бұл тек бәсекеге қабі­лет­­тілікті сақтап қалу ғана емес, соны­­мен қатар әртарап­тан­дыруға, ин­нова­цияларға, инсти­туцио­нал­дық ортаны дамытуға негіз­дел­­ген жаңа даму нүктелерін қа­лып­тастыру қажеттігін білдіреді. 2025 жылдың бірінші тоқсанының қоры­тындысында ел экономикасына 6,6 млрд доллар инвестиция тартылды. Бұл былтырғы жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 6,2%-ға артық. Жалпы алғанда, 2005 жылдан бері елге 424,3 млрд доллар көлемінде инвестиция тартыл­ған. Сыртқы сын-қатерлерге қара­мас­­тан, Қазақстан халықаралық рей­тинг­­терде оң белгілер көрсетіп те отыр. Мәселен, S&P агенттігі елі­міз­дің жағдайы бойынша болжамды «тұрақтыдан» «позитивтіге» жақсартып, «BBB-» рейтингін растады. Сонымен қатар «World Competitiveness Ranking 2025» рей­­тингінде бір сатыға көтеріліп, 34-орынды иелендік.

Жаһандық және өңірлік инвес­ти­циялар үшін бәсекелестік кү­ше­йіп жатқан жағдайда еліміз ин­­вес­­­торларға институционалдық қол­дауды арттырды. Осы мақсатта «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін Инвестициялар тарту кеңесі (инвестициялық штаб) құ­рыл­ды. Оның негізгі міндеті – туын­дайтын мәселелерді жедел шешу, жобаларды іске асырудың бар­лық кезеңінде көмектесу және жаңа бастамаларды жедел іске қосу. Штаб­тың басты мақсаты – елдің инвес­тициялық тартымдылығын арт­тыру және отандық әрі шетелдік ком­паниялар үшін қолайлы жағдай жасау. Сонымен бірге Мемлекет бас­шысы Активтерді қай­­та­ру коми­те­тін Инвесторлардың құқық­­та­рын қорғау комитеті деп қайта атауды тапсырды.

Инвестициялық тартымды­лық­ты одан әрі арттыру мақ­сатында өткен жылдың қазан айында 2029 жылға дейінгі инвестициялық сая­сат тұжы­рым­­да­масы бекітілді. Бұл саясаттың негізгі мақсаттары: негізгі капи­талға инвестицияларды ІЖӨ-нің 23%-ына дейін ұлғайту; сыртқы инвестиция­лар үлесін 30%-ға дейін жеткізу; 150 млрд доллар тікелей шетелдік инвес­ти­­­ция тарту. Инвес­тиция тартудың жаңа тәсілі эконо­ми­каның нақты салаларының қажет­ті­ліктерін ескеруге негізделген. Инвес­тицияларға «тапсырыстар» отандық бизнес пен квазимемлекеттік компа­ния­­­­­лардың сұранысына қарай қабыл­­данбақ. Бұл инвести­циялық сая­сат­­тың нысаналы бағыты мен тиім­ділігін арттыруға тиіс.

Жалпы, Қазақстан ЭЫДҰ-ның Халықаралық инвестициялар және көп­ұлтты кәсіпорындар туралы Дек­ларациясының қағидаттарын ұста­нып келе жатыр.

 

Ерлан Жақыпов,

Президент жанындағы ҚСЗИ жаһандық экономика және тұрақты даму бөлімінің басшысы