
Фото: Ашық дереккөз
«Алдын ала қойылған диагноз - төменгі жақ сүйегінің сынуы. Өкінішке қарай, алдағы кездесулерге қатыса алмайды», деді клубтың медиа-офицері Арман Жақсығұлов.
Анарбеков ел біріншілігінің 23-туры аясында «Ақтөбеге» қарсы ойында жарақат алған болатын. Кездесудің 10-минутында айып добынан кейін ол қонақ команданың қорғаушысы Уче Агбомен соқтығысып, ойынды жалғастыра алмады. Футболшыны алаңнан зембілмен алып шықты.