
Фото: Видеодан алынған кадр
Бас прокуратураның мәліметінше, күдікті 2015–2016 жылдары Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік органында басшылық қызмет атқарып, ойын бизнесі саласындағы заңсыз әрекеттерге жүйелі түрде ақшалай сыйақы алған.
«Қылмыс жасағаннан кейін ол жасырынып, 7 жыл бойы халықаралық іздеуде болған. 2024 жылдың қаңтарында іздеудегі азамат Түркия Республикасының Измир қаласында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін елге экстрадицияланды. Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамалды», делінген хабарламада.
Қылмыстық топтың басқа мүшелері бұған дейін әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған. Айыпталған іс-әрекеттерге мүлікті тәркілеу және 12–20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.