Аймақтар • Бүгін, 12:53

Маңғыстау облысында жол апатынан зардап шеккен екі науқас Астанаға жеткізілмек

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дәрігерлер Маңғыстау облысында автомобиль апатынан зардап шеккен екі әйелдің жағдайын тұрақтандырып, кейін Астанадағы Ұлттық шұғыл медицина орталығының клиникасына жеткізбекші. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті. 

Маңғыстау облысында жол апатынан зардап шеккен екі науқас Астанаға жеткізілмек

Маңғыстау облысындағы Бекет-ата — Шопан-ата автожолында автомобиль апатынан зардап шеккен екі әйел бір күн бұрын санитариялық авиация бортымен Жаңаөзеннен Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасына жеткізілді.

— Ауыр жағдайдағы екі пациентті одан әрі емдеу бойынша бүгін Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық орталықтары мамандарының қатысуымен телемедициналық консультациялар өткізілді. Алдағы күндері оларды Астанадағы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының клиникасына жатқызу ұсынылды, — делінген ведомство хабарламасында.

Олардың бірі — полижарақат диагнозы қойылған, екі өкпесі де көгерген, бұл десатурация кезеңдерін тудырады және тасымалдауды қиындатуы мүмкін. Басқа пациенттің жағдайы салыстырмалы түрде тұрақты, енді алаңдаушылық туғызбайды. Апаттан зардап шеккен үшінші адам Жаңаөзен қаласының ауруханасында қалды, оның жағдайы тұрақты.