
Фото: Ерлан Омар
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, еңбек құқығын бұзған және жалақы бойынша берешегі бар кәсіпорындардың басшыларына 2 602 ұйғарым беріліп, 332 млн теңгеден астам айыппұл салынған.
«Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 3 437 мың жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 1,2 млрд теңге төленді», делінген хабарламада.
Сонымен қатар 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін еңбек инспекторлары 4 013 тексеру жүргізген. Нәтижесінде 4 706 заң бұзушылық анықталған. Олардың ішінде еңбек қатынастарына қатысты – 3 965, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласында – 721, халықты жұмыспен қамту бойынша – 20 жағдай тіркелді.
Атқарылған шаралардың нәтижесінде 30 мыңнан астам жұмыскердің еңбек құқықтары қорғалған.