Қоғам • Бүгін, 15:52

Мұғалімдердің трендке еруі балаларға қауіп төндіреді - Аймағамбетов

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов отандық ютуб арнаға берген сұхбатында мұғалімдердің тренд түсіріп, тик ток жүргізуін сынға алған болатын. Заманауи технологиялар алға озған тұста білім беру ісін жаңашылдыққа жетелеу мен педогикалық әдептен аттамау, цифрлық қауіпсіздікті сақтау маңызды. Жаңа оқу жылында мәжілісмен осы екі мәселенің аражігін тең ажырата білу керек екенін тарқатып айтты, деп жазады Egemen.kz.

Мұғалімдердің трендке еруі балаларға қауіп төндіреді - Аймағамбетов

Фото: baq.kz

Асхат Қанатұлының айтуынша, әр саланың маманы әлеуметтік желіде блог жүргізуіне ешқандай шектеу қойылмаған. Десе де депутат мұғалімдердің жұмысы балалармен тығыз байланысты болғандықтан видеода олардың бет-бейнесі айқын көрсету қауіпті екенін атап өтті. 

«Мұғалім әр тәрбие сағатын рилсқа жүктегенін қолдамаймын. Біріншіден, баланың бет-бейнесін рұқсатсыз қолдану, құқын елемеу. Егер мұғалім балалардың қатысуымен блог жүргізетін болса ата-анадан рұқсат алу керек. Екінші, ЖИ заманында оқушының бейнесін түрлі жағдайда пайдаланылуы мүмкін. Үшінші видео түсіру оқу процесіне зиян келтірмеуі тиіс», деді Асхат Аймағамбетов.

Тик ток, инстаграмдағы парақшаларын өзі жүргізетінін айтқан Аймағамбетов бұл шаруа біршама уақытты талап ететінін,  сондықтан оқу-процесіне қатысты қандай да бір есепті желіге жүктеу талап етілсе оған қосымша ақы төлеуді де қаперге алу керектігін айтты. 

«Мұғалімдерден қосымша мұндай белсенділікті талап ету дұрыс емес. Ал егер педагогтің өзі ынта танытса, баланың құқығы, ата-ананың рұқсаты, қосымша жүктемені алып жүру мен этикалық стандарттарды аттамауы шарт», деді депутат.