
«Византия императоры 950 жылы жазбасында Мадияр жерін «Түркия» деп атапты (Картада «Қазақия» деген атауды оқып қалдым). ХІ ғасырда мадиярлардың Геза патшасына тарту етілген тәжде де «Түрік елінің қағаны Гезаға» деп жазылған. Кітапта мадиярды 7 түрік руының бірі деп көрсеткен. Кітап тек қана 1700 жылы латын тіліне аударылып, кейін басып шығарылған екен» дейді дипломат. Расында Х ғасырда Қазақия, түрік қағаны атауының тарихи, ресми құжат мәтінінде жүруі – елеулі факт.
Ендігі міндет – XVIII ғасырда хатқа түскен кітапты ғылыми айналымға енгізу.
Сабыр Шәріп