Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:55

ЖИ-дің негізін қалаған

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазіргі цифрлық әлемнің негізін қала­ған тұлғалардың бірі Алан Тьюринг. Ғалымның еңбектерінде бүгінгі компьютер, алгоритм, жасанды интеллект ұғымдары алғаш рет қарастырылған.

ЖИ-дің негізін қалаған

Сурет ашық дереккөзден алынды

Тағы бір қызық жайт, Екінші дүние­жүзілік соғыс кезінде Алан Тьюринг неміс армия­сы қолданған «Enigma» шифрын бұзуға көмектескен. Бұл әрекет соғыстың ертерек тоқтауына әсер етіп, миллиондаған адамның өмірін сақтап қалды. Алайда оның еңбегі ұзақ уақыт құпия күйінде қалды. Соғыстан кейін Тьюринг ғылыми зерттеулерін жалғастырып, «машина адамша ойлай ала ма?» деген сұрақты ғылыми деңгейде көтерген. Бұл сұрақ бүгінгі жасанды интеллект дамуының философиялық өзегі саналады.

 

Соңғы жаңалықтар