Лада
Бүгін таңертең қала тұрғындары аялдамаларда автобустардың ұзақ уақыт келмей тұрғанына және қоғамдық көліктің мүлде болмағанына шағымданған.
Қала әкімдігінің мәліметінше, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында автобустар қозғалысы сағат 09:00-ден 11:00-ге дейін уақытша тоқтатылған.
«Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты, жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қоғамдық көлік қозғалысын уақытша тоқтатуға мәжбүр болдық. Қазіргі уақытта автобустар бекітілген кестеге сәйкес қайта қатынап жатыр», деп мәлімдеді Ақтау қаласының әкімдігі.
Қазіргі уақытта Ақтау қаласында қоғамдық көлік жұмысы штаттық режимге көшірілген.