
фото: Қазақстан теннис федерациясы
Турнирдің бірінші айналымында қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 335-орында тұрған Джульетта Парехамен кездесті. Бірінші сетте Елена 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Екінші сетте Рыбакина қарсыласынан басым түсіп, 6:0 есебімен айқын жеңді.
Матч жалпы бір сағат төрт минутқа созылды: бірінші сет — 37 минут, ал екіншісі — 27 минутқа созылған.
Екінші айналымда Елена Чехия өкілі Тереза Валентовамен кездеседі. Валентова алғашқы матчында италиялық Лючия Бронцеттиден 6:3, 3:6, 6:4 есебімен басым түсті.