
Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, 2024 жылғы мамыр айында Түркістан облысындағы Б.Қонысбаев атындағы шекара өткізу бекетінде елге 770 келі героинді заңсыз әкелу әрекеті әшкереленді. Есірткі аяқкиімге арналған крем ретінде рәсімделіп, Еуропа елдеріне транзитке шығарылмақ болған.
Сотта мемлекеттік айыптаушы шетелдік екі азаматтың кінәсін толық дәлелдейтін айғақтар ұсынды.
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот оларды 14 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.