Шаруашылық • Бүгін, 16:21

Ақмола облысында шаруаларға 117 млрд теңге жеңілдікпен несие берілді

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақмола облысының 910 ауыл шаруашылығы құрылымдары Президенттің тапсырмасын орындау шеңберінде жеңілдікті қаржыландыруға ерте қол жеткізуді пайдаланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысында шаруаларға 117 млрд теңге жеңілдікпен несие берілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Үкімет көктемгі дала жұмыстарын алдын ала қаржыландыруды 2024 жылдың қараша айында бастады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде Ақмола облысында 910 ауыл шаруашылығы құрылымы жеңілдікпен несиелендіруді пайдаланды.

- Желтоқсаннан бастап біздің тауар өндірушілер жеңілдетілген қаржыландыруға қол жеткізді. Атап айтқанда, бүгінгі таңда 910 ауыл шаруашылығы құрылымы жалпы сомасы 117 млрд теңгені 5%-бен алды, — деді Ақмола облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов.

2025 жылы өңірдегі ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 5,5 млн гектарды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 300 мың гектарға артық.

- Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыруға ерекше көңіл бөлінуде. Оның ішінде майлы дақылдардың егіс алқабы 226 мың гектарға ұлғайып, алғаш рет 495 мың гектар егілді, — деп атап өтті Нұрбек Бадырақов.

Оның айтуынша, мемлекеттік резервтен минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялауға 12 млрд теңге бөлінді, бұл оларды енгізу көлемін алдыңғы екі жылмен салыстырғанда үш есеге арттыруға мүмкіндік берді.

Ал Солтүстік Қазақстан облысында күздік бидайдың өнімділігі 50 ц/га жеткен. Солтүстік Қазақстан облысында егін жинау науқаны басталды. Күздік бидай егілген алқаптардан фермерлер гектарына 40-50 центнерден өнім жинауда.Фермерлердің айтуынша, жоғары өнім мемлекеттік қолдаудың арқасында мүмкін болды.

- Біз "Кең дала" бағдарламасы бойынша биыл 319 млн теңге алдық. Мемлекеттік субсидиялау тыңайтқыштарға, тұқымдарға бөлінеді, бұл мемлекет тарапынан өте жақсы қолдау, — деп атап өтті Солтүстік Қазақстан облысының фермері Ғабас Жантаев Президенттің тапсырмасы бойынша аграршыларға көңіл бөлгені үшін алғысын білдіріп.