Спорт • Бүгін, 15:50

16 жасар теннисші алғашқы халықаралық титулына қол жеткізді

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Болгарияның бас шаһары Софияда жасөспірімдер арасында ITF Juniors турнирінің J30 санатындағы жарысы мәресіне жетті, деп жазады Egemen.kz.

16 жасар теннисші алғашқы халықаралық титулына қол жеткізді

Фото: Qazsporttv

Отандасымыз Иван Пономарев аса тартысты өткен жұптық разрядта топ жарып, жасөспірімдер арасындағы алғашқы халықаралық титулын жеңіп алды.

Аталған доданың финалдық кездесуінде И.Пономарев швейцариялық теннисші Чарли Базильмен жұп құрып, қарсыластары – украиналық Родион Четвериков пен болгариялық Самуил Пешевті 4:6, 6:3, 10:7 көрсеткішімен ұтты.