Ғалам ғажаптары • 30 Шілде, 2025

Қарапынар күн электрстансасы

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемдегі ең қуатты әрі орталық жүйесі ең әдемі күн электрстан­сасы Түркияның Қарапынар шөлінде орналасқан. Биыл оның қуаты 18 ГВт-қа жетті.

Қарапынар күн электрстансасы

Станса 20 шаршы шақырым жерді алып жатыр. Бұл шамамен 2600 футбол алаңына тең. Онда 3,5 миллион күн панелі орнатылған. Ол 600 000 үйді электр қуатымен қамтамасыз ете алады. Стансаның басқару орталығы ерекше көз тартады. Ол – төртбұрышты, жылтыратылған болатпен қапталған. Ішінде шағын жасыл оазис бар.