Технология • Кеше

Суперкомпьютер деген не?

60 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Осы жылы шілденің тоғызы күні елімізде Орталық Азиядағы алғашқы суперкомпьютер іске қосылды. Ғылым мен технологиялардың түлеуіне септесетін суперкомпьютер қарапайым компьтерден қарағанда мыңдаған есе жылдам есептеуге қауқарлы. Мәселен, Alem.cloud Ұлттық суперкомпьютер орталығындағы еліміздің еншісіндегі жаңа есептеу кластерінің өнімділігі өңір бойынша рекордтық көрсеткішке ие - FP8 әдісі бойынша 2 экзафлопс, деп жазады Egemen.kz.

Суперкомпьютер деген не?

Фото: gov.kz

«Сиқырлы» суперкомпьтер

«FP8 әдісі, экзафлопс». Технологиялық терминдермен тұтасқан сөйлемімізді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев: «Бір экзафлопс – бұл бір квинтиллон, яғни, 1 секундтағы миллиардтаған математикалық есептеулердің бір миллиарды. Ал бізде 2 экзафлопс бар. Ойлап көріңізші, әлем халқы, яғни 8 млрд адам әрбір секунд сайын математикалық есептеулер жасау үшін оларға 4 күннен астам уақыт қажет болады. Ал біздің суперкомпьютер оны 1 секундта жасай алады», деп түсіндіреді.

Осындай қауқарлы есептеу құралы халыққа қандай пайда әкеле алады? Тарқатып көрейік. Біріншіден, суперкомпьютер ғылыми зерттеулер үшін таптырмас дүние. Мәселен, ғарыштық модельдер жасап, ауа райын, жер сілкінісін алдын ала болжап, қауіптің алдын алуға қарекет жасауға үндейді. Ал медицина саласында - дәрілердің жаңа түрін әзірлеу, адамның генетикалық құрылымын зерттеу бойынша кемел көмекші. Инженерия мен технологияда автокөліктер, ұшақтар немесе зымырандар жобасын жасау кезінде күрделі симуляцияларды жүргізеді. Суперкомпьютер қаржы саласында да құтқарушы бола алады. Қор нарығын талдап, тәуекелдерді болжайды. Жасанды интеллект пен машиналық оқытуда да оң динамикалық дамуға бастап, сансыз мәліметтерді өңдеп, нейрожелілерді үйретеді. Біз келтірген тізбек суперкомпьютер пайдасының бір парасы екені анық. Сондай-ақ суперкомпьютердің есептеу қуатын нейрожелі шешімдерін әзірлеумен айналысатын стартаптар, университеттер мен ғылыми орталықтар, мемлекеттік мекемелер мен жеке компаниялар да пайдалана алады.

Бәрін айтта бірін айт, суперкомпьютер сыйлайтын басты мүмкіндік елдің цифрлық тәуелсіздігі екен.

«Мемлекеттік органдарға тиесілі деректердің көбісі – жабық деректер. Сол себепті шетелдік суперкомпьютерлерді қолдану барысында белгілі шектеулер болды. Қазақстан өз суперкомпьютерін іске қосып, сол шектеулерден арылып жатыр. Өйткені енді өз суперкомпьютеріміз арқылы біз мемлекеттік органдардағы барлық жабық деректерді айналдырып, мемлекеттік қызмет сапасын арттыратын дүниелер жасауға мүмкіндігіміз бар. Атап айту керек, суперкомпьютер Қазақстанның цифрлық тәуелсіздігін қамтамасыз етеді», деді Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитетінің төрағасы Ғиззат Байтұрсынов.

Ал суперкомпьютерді елге жеткізу Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Presight компаниясының стратегиялық әріптестігінің нәтижесінде жүзеге асқан.

«Біз АҚШ-тан экспорттық лицензия алу сияқты күрделі процесті еңсеріп, елге озық есептеу технологияларын әкелдік. Бүгінде Қазақстан жасанды интеллект саласында өңірлік көшбасшы ретінде танылған мемлекет. Бізде адами капитал жақсы дамыған, деректердің ауқымды базасы қалыптасқан. Ал суперкомпьютер сияқты қуатты цифрлық инфрақұрылымның іске қосылуы жасанды интеллектті кеңінен енгізуге, ғылыми зерттеулер жүргізуге және экспортқа бағытталған цифрлық өнімдерді жасауға жаңа мүмкіндіктер ашады», деді Presight Kazakhstan өңірлік директоры Мақсат Қошумбаев.

Осылайша, Қазақстанда суперкомпьютердің іске қосылуы цифрлық технологиялар, үлкен деректер және жасанды интеллект салаларын дамытудың жаңа кезеңін ашып, еліміздің өңірлік технологиялық көшбасшы ретіндегі мәртебесін нығайтуға жол ашып отыр.

Әлемнің үздіктері

Қазір әлемде суперкомпьютерлер күрделі климаттық құбылыстарды модельдеуден бастап кванттық химияны зерттеуге және биомедициналық есептеулерге дейін әртүрлі салаларда қолданылып жүр. Қуаты секундына триллион және квадриллион есептеу операцияларымен өлшенетін жаһанның жылдам суперкомпютерлері қай елдерде орналасқан? Орталық Азиядағы IT-стартаптардың ең ірі халықаралық технопаркі Astana Hub ұсынған үздік бестікті назарларыңызға ұсынамыз.

1.OLCF - 5 (Hewlett Packard Enterprise Frontier) - ол Frontier ретінде белгілі, әлемдегі ең қуатты суперкомпьютерлердің бірі. Ол күрделі ғылыми зерттеулер мен инженерлік есептеулер жүргізуге арналған. OLCF-5-бұл эксафлопсиялық өнімділік деңгейі бар әлемдегі алғашқы суперкомпьютер, яғни ол секундына квадриллионнан астам есептеу операцияларын орындай алады. АҚШ-та Теннесси штатының Оук Ридж қаласында Oak Ridge Leadership Computing Facility деректер орталығында орналасқан.

вв

2.Aurora(Intel) - қуаты 1 экзафлоптан асатын суперкомпьютер-әлемдегі екінші қуатты суперкомпьютер. Aurora жұмысына Ponte Vecchio сериясындағы 63 744 Intel Data Center GPU Max процессоры және Sapphire Rapids сериясындағы 21 248 Intel Xeon CPU Max процессоры жауап береді. Суперкомпьютер сонымен қатар жалпы сыйымдылығы 220 петабайт және максималды өткізу қабілеті секундына 31 терабайт болатын 1024-тен астам сақтау түйіндерін қамтиды. АҚШ-та орналасқан.

пп

3. Eagle(Microsoft) - Intel Xeon Platinum 8480 °C процессорларымен және NVIDIA H100 үдеткіштерімен жұмыс істейтін және HPL 561 петафлоп/с-қа жеткен.

оо

4. Фугаку - жобаны толығымен дерлік Жапония Үкіметі қаржыландырады - жылдық бюджеті шамамен 90 миллиард иен (800 миллион доллар). Фугакудың қуаты шамамен 442 петафлоп, дегенмен қуат тұтыну шекарадан әлдеқайда көп — шамамен 30 МВт. Бүкіл жүйе PRIMEHPC FX1000 негізінде жасалған-ішіндегі пышақ серверлері бар жабық тірек болып табылатын «Noda» түрі.   Ішінде ARM архитектурасындағы FUJITSUa64fx орталық процессоры бар, ол 52 процессор ядросы мен бірнеше қосалқы бөлшектерді біріктіреді. Мұндай ядролардың барлық Фугакуында шамамен 150 000 дана бар. 

аа

5. LUMI (Large Unified Modern Infrastructure) – фин тіліндегі «lumi» термині «қар» деп аударылады. Жаһандық рейтингте бесінші орынға ие болғанына қарамастан, LUMI барлық еуропалық суперкомпьютерлер арасында жетекші орын алады.

ыы