
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
Кездесуде Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастыққа негізделген тығыз және сындарлы ынтымақтастықтың жоғары деңгейі атап өтілді. Айта кетейік, 2024 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы $27,8 млрд-ты құраса, 2025 жылдың алғашқы бес айында бұл көрсеткіш $9,6 млрд болған.
«Мемлекеттер басшыларының тапсырмасы бойынша біз өзара сауда көлемін $30 млрд-қа дейін ұлғайту бойынша мақсатты жұмыс жүргізіп жатырмыз. Инвестициялық ынтымақтастықта зор мүмкіндіктер бар. Жалпы, екіжақты өзара іс-қимыл мәселелерінің кең ауқымын шешуде ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның тиімді қызметін атап өткім келеді», деді Олжас Бектенов.
Сондай-ақ тараптар биылғы күзде Орал қаласында өтетін Қазақстан мен Ресейдің XXI Өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық барысын пысықтады.
Кездесу соңында қос тарап екіжақты экономикалық ынтымақтастықты барлық басым бағыттар бойынша одан әрі тереңдетуге ниетті екендерін растады.