Спорт • Бүгін, 15:40

Астаналық шахматшы сенсация жасады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Грузияның Батуми қаласында шахматтан әйелдер арасында Әлем кубогі өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астаналық шахматшы сенсация жасады

Фото: Елорда әкімдігі

Аталған жаһандық додада Меруерт Камалиденова (рейтингте 59-орын) 1/32 финалда қазіргі чемпион саналатын Александра Горячкинаны (рейтингте 6-орын) жеңіп кетіп, сенсация жасады.

Елорда әкімдігінің ресми сайтының хабарлауынша әлемнің 107 шахматшысы сайысып жатқан турнирде әр қатысушы қарсыласымен классикалық форматта 2 партия ойнап, өзара жеңімпазды анықтайды. Енді Меруерт Камалиденова ертең қара фигурада ойнайды.

2021 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан турнирде ең үздік нәтижені Динара Сәдуақасова тіркеп, сол жылы ширек финалға дейін жетіп, дәл осы Александра Горячкинаға жол берген болатын.