Білім • Бүгін, 11:50

WorldSkills-2025 өңірлік чемпионаттары аяқталды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2025 жылдың наурыз–маусым айлары аралығында еліміздің 20 өңірінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қатысуымен WorldSkills-2025 өңірлік чемпионаттары өтті, деп жазады Egemen.kz.

WorldSkills-2025 өңірлік чемпионаттары аяқталды

Фото: gov.kz

Жұмысшы мамандықтарын насихаттайтын ауқымды шараға 5044 студент қатысқан. 600-ге жуық колледж базасында ұйымдастырылған чемпионатта 5759 кәсіби сарапшы бағалау міндетін атқарды. 

Жалпы алғанда 900-ден астам құзыреттілік қамтылды. Ең көп құзыреттілік ұсынылған өңірлер қатарында Ақтөбе (77), Ақмола (62), Батыс Қазақстан (60) және Қостанай (59) облыстары бар. 

Жұмысшы мамандықтарының беделін биіктетуге бағытталған чемпионаттар аясында колледждер мен жұмыс берушілер арасындағы байланыс нығая түскен. 

Шараның үздік қатысушылары дипломдар, медальдар мен арнайы сыйлықтармен марапатталған. 

Айта кетейік, өңірлік чемпионатта үздік танылған студенттер биылғы жылдың желтоқсан айында Астана қаласында өтетін республикалық чемпионатқа жолдама иеленді.