Қоғам • Кеше

Биыл елімізде жол апатынан 2000-нан астам адам көз жұмды

50 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері Қазақстан жолдарында 2 мыңнан астам адам қаза тапты. Бұл туралы академик Батпенов атындағы травматология және ортопедия ұлттық ғылыми орталығының директоры Олжас Бекарысов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Биыл елімізде жол апатынан 2000-нан астам адам көз жұмды

«Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2024 жылы елімізде жазатайым оқиғалардан, уланулар мен жарақаттардан болатын өлім-жітім көрсеткіші әр 100 мың адамға шаққанда 51,8-ді құрады. Соңғы 5 жыл ішінде жарақаттан болатын өлім-жітім 19%-дан астам азайды. Ал Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында бұл көрсеткіш 23%-дан 38%-ға дейін төмендеген», дейді О.Бекарысов. 

Оның айтуынша, жарақаттан болған өлім-жітім елдегі жалпы өлім-жітім құрылымында 8%-ды құрайды.

Жазатайым оқиғалардан, уланулар мен жарақаттардан болған өлім себептерінің құрылымында:

  • кісі өлтіру – 4,3%,

  • өзін-өзі өлтіру – 11,4%,

  • жол-көлік апаттары – 23,5%-ды құрайды.

Жарақаттан болған өлім-жітім бойынша сегіз облыс «қызыл аймаққа» енгізілген. Ал 2023 жылмен салыстырғанда Ұлытау, Атырау облыстарында және Астана қаласында бұл көрсеткіштің төмендегені байқалады.

«2024 жылы бұл көрсеткіш әр 100 мың адамға шаққанда 12,2 болды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 8,6%-ға төмен. Дегенмен, Қазақстан жол апаттарынан болатын өлім бойынша ЭЫДҰ елдерінен айтарлықтай артта қалып отыр. Ең төмен көрсеткіш Жапонияда, сондай-ақ Еуропа елдерінің тәжірибесі де назар аударуға тұрарлық», дедйі ол.

Бас прокуратураның мәліметінше, 2024 жылы жол апаттарының тіркелу саны 2023 жылмен салыстырғанда 98,9%-ға өскен.

Олжас Бекарысовтың түсіндіруінше, Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті мұны былай түсіндіреді: 2024 жылдан бастап жол апатына түскен азаматтар дәрігерлік көмекке жүгінсе, денсаулығына зиян келмегеніне қарамастан, барлық оқиға статистикаға енгізіледі. Бұрын тек медицина тарапынан зиян келтірілгені дәлелденген оқиғалар ғана есепке алынатын.

Барлық ЖКО-ның 55%-ы алты өңірге тиесілі: Алматы қаласы, Алматы облысы, Жамбыл облысы, Астана қаласы, Ақтөбе облысы және Шымкент.

2024 жылы жол апаттарынан 40 873 адам зардап шекті, оның ішінде 2 452 адам қаза тапты.

Сондай-ақ спикер жылдамдықтың артуы жол апаттарының салдарын ауырлататынын атап өтті. Орташа жылдамдықтың әрбір 1 км/сағ-қа артуы жарақатпен аяқталатын ЖКО ықтималдығын 3%-ға, ал өліммен аяқталатын апаттың қаупін 4–5%-ға арттырады.

Сағатына 80 км-ден жоғары жылдамдықпен қозғалғанда, жаяу жүргіншінің қаза табу ықтималдығы 90%-дан асады. Қалалық жерде жылдамдықты 60-тан 50 км/сағ-қа төмендету жаяу жүргінші өтпелерінде өлім-жітімді 30–40%-ға қысқартады.

ДДСҰ статистикасы бойынша, қауіпсіздік белдігін қолдану өлім қаупін 40–50%-ға, ал ауыр жарақат алу қаупін 25%-ға дейін төмендетеді.

Соңғы жаңалықтар

Алакөлге шаршамай жетесіз

Аймақтар • Бүгін, 08:55

Қанасқа қатынау жеңілдейді

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Өндіріс қалдығы азаяр емес

Экология • Бүгін, 08:40

Желмен жүретін пойыз

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:35