Ауа райы • Бүгін, 18:00

Жел, тұман, үсік: Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктердің хабарлауынша 21–23 қазан аралығында еліміздің басым бөлігінде солтүстік-батыс антициклонының әсерінен ашық әрі жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жел, тұман, үсік: Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Фото: istockphoto.com

Алдағы күндері Қазақстан аумағының көп бөлігінде ауа райын антициклон айқындайды.  Ал батыс, солтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс өңірлерінде циклонның алдыңғы бөлігі әсер етеді. Бұл аймақтарда ауа райы көбіне бұлтты болып, кей жерлерде жауын-шашын болады. Батыс өңірлерде қатты жауын болуы ықтимал.

Республика аумағында желдің күшеюі күтіледі. Сондай-ақ түнгі және таңғы сағаттарда елдің солтүстігі мен шығысында тұман түсіп, көріну қашықтығы төмендейді.

«Қазгидромет» мәліметінше, алдағы үш тәулікте ауа температурасының айтарлықтай өзгерісі болмайды. Күндіз жылы, ал түнде суық ауа райы сақталады.