Қоғам • Бүгін, 17:24

Елімізде Қазақстан есімді 28 азамат бар

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, осы есімді иеленген 7 азамат Қарағанды облысында тұрады, деп жазады Egemen.kz.

Елімізде Қазақстан есімді 28 азамат бар

Фото: stat.gov

Ақмола облысында Қазақстан есімді 6 адам өмір сүріп жатыр. Қостанай облысы мен Астанада – әрқайсысында 3 азаматтан, Алматы мен Маңғыстау облыстарында және Шымкент қаласында – әрқайсысында 2 адамнан бар. Ал Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында – бір-бір азаматтан тұрады.

28 адамның ішінде тек бір әйелдің есімі - Қазақстан. Ең қарт Қазақстанның жасы - 92-де болса ең жасы 25-те.