
Кеше Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған шараларды бекітті. Соған сәйкес, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Антикоррупциялық қызмет) таратылып, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамына кірді.
ҰҚК құрылымында жаңа орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі құрылады.