Аймақтар • Кеше

«Омбы – Майқапшағай» жолы биыл аяқтала ма

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Омбы – Майқапшағай жол құрылысын тексерді, деп хабарлайды Egemen.kz

«Омбы – Майқапшағай» жолы биыл аяқтала ма

Жолдың жалпы ұзындығы – 415 шақырым, оның 231 шақырымы ШҚО аумағы арқылы өтеді. Қазіргі таңда 214 шақырым жолда асфальт төселіп, көлік қатынасы қамтамасыз етілген.

Алайда, облыс әкімі жол құрылысы мерзімінің созылып кеткенін сынға алды.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ қалған жол учаскесінің құрылысын аяқтауы қажет. Егер қандай да бір мәселе болса, ашық айтып, шешу жолдарын қарастырайық. Бірақ жол құрылысын биыл аяқтау керек», деді облыс әкімі.