
Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасы Асхат Жұмағали, Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, жұртшылық өкілдері, құқық қорғау, мемлекеттік органдар мен ірі квазимемлекеттік компаниялардың басшылары қатысты.
Іс-шараның модераторы Парламент Мәжілісінің депутаты, Қоғамдық кеңестің төрағасы Марат Башимов болды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Төрағасы Асхат Жұмағали сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған кез келген шара қоғамда орныққан адамгершілік құндылықтар жүйесі болмаса, нәтижесіз болатынын атап өтті.
«Егер қоғамда барлық деңгейде сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қалыптаспаса, біз шынайы өзгерістерге қол жеткізе алмаймыз. Сондықтан да біз жастар арасында құндылықтарды қалыптастыруға ерекше көңіл бөлеміз. Бұл бағыттағы жұмыс «Заң мен тәртіп»және «Адал азамат» қағидаттарына негізделуі тиіс, онда әрбір азамат өзгерістердің белсенді қатысушысы болып табылады», - деп атап өтті Агенттік Төрағасы.
Студент жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Өз сөзінде Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев азаматтық жауапкершілік пен құқықтық мәдениетті дамытпайынша басқарудың ашықтығы мүмкін еместігіне назар аударды. Мемлекеттің, бизнестің және азаматтық сектордың күш-жігерін біріктіру табыстың негізгі шарты болып табылады.
«Біз жастардың бұл жұмысқа белсенді қатысып жатқанын көріп отырмыз. Олар елдің болашағына мән береді. Оларға ересек өмірге енді ғана еніп жатқан кезде дұрыс бағдар беру маңызды»,- деп атап өтті Қоғамдық кеңестің мүшесі, «Сорбонна-Қазақстан» институтының директоры Айнұр Сәбитова.
Сондай-ақ, спикер «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасын одан әрі дамыту бойынша бірқатар бастамаларды айтты.
Бүгін жоба аясында жастар қатарындағы еріктілер құрдастары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық мәселелері бойынша интерактивті дәрістер мен тренингтер, «Адал бол!» және «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» ұранымен квесттер, акциялар мен флешмобтар өткізуде.
Мұндай іс-шаралар жастарды құқықтық ағартуға ғана емес, белсенді өмірлік ұстанымы бар азаматтардың жаңа буынын қалыптастыруға да ықпал етеді.
Отырыста сондай-ақ мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алу, әлеуметтік объектілерді сапалы және уақтылы салу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қаралды.
Облыс әкімдігінің назары жер учаскелерін берудің, жайылымдық жерлерді бөлудің күрделілігіне байланысты проблемаларға аударылды, онда тұрғындар шешімдердің жеке тұлғалардың пайдасына ашықтығына шағымданады.
ЖЭО жағдайына, жабдықтардың тозуына және ТКШ саласындағы қаражаттың тиімсіз жұмсалуына қатысты халықтың проблемалық мәселелері айтылды, бұл өнеркәсіптік кәсіпорындардың шығарындыларынан туындаған қоршаған ортаның ластануының жоғары деңгейіне әкеледі.
Кездесу соңында Қоғамдық кеңес мүшелері облыс әкімдігінің белгіленген салалардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға бағытталған шаралар кешенін қабылдауы туралы ұсынымдар берді.
Қатысушылар аталған бағыттар бойынша бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдірді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы тұрақты диалогтың маңыздылығын растады.