
Фото: Ашық дереккөз
Оның айтуынша, Мемлекет басшысы ЖИ-ді дамытуды ұлттық басымдық ретінде атап көрсетіп келеді, бірақ бұл тек технологиялық емес, кешенді қоғамдық дайындықты талап ететін үдеріс.
«Дегенмен, жасанды интеллект жай ғана технология емес. Оның дамуы қоғамның жан-жақты дайындығын талап етеді. Халықаралық рейтингтер мұндай дайындықты негізгі құрамдас бөліктерге қарай бағалайды: цифрлық трансформация деңгейі, инфрақұрылымның қолжетімділігі және нормативтік базаның жетілгендігі», деді Екатерина Смышляева.
Депутат ЖИ туралы заң жобасының Мәжілісте бірінші оқылымда қабылданғанын еске сала отырып, бұл тек кешенді жұмыстың бастауы ғана екенін жеткізді.
Ол заңнамадағы негізгі кемшіліктер мен тәуекелдерді тізбектей келіп, нақты алты проблемалық бағытты атап өтті:
- ЖИ дамыту тұжырымдамасы қабылданғанымен, оның мемлекеттік жоспарлауға ықпалы аз.
- Қылмыстық және әкімшілік заңнамада ЖИ-мен байланысты құқық бұзушылықтарды тергеуге қажетті цифрлық дәлелдер мен криминалистика құралдары қарастырылмаған.
- Білім мен денсаулық сақтау салаларында ЖИ қолдануға қатысты этикалық нормалар жетіспейді. Жергілікті мамандардың орнына халықаралық корпорациялардың кеңесшілері тартылып отыр, бұл мүдде қайшылығын туғызады.
- АИ гиперрегуляциясы қаупі бар. Сонымен бірге эксперименттік құқықтық режимдердің әлеуеті әлі іс жүзінде пайдаланылмаған.
- Жергілікті компанияларға қойылатын талаптар трансұлттық ойыншыларға әсер етпейді, бұл отандық қауіпсіздік пен бәсекеге қабілеттілікке кері әсер етеді.
- Жаңа нормаларды тиімді іске асыру үшін цифрлық құзыреті бар заңгер мамандар жетіспейді.
Осыған байланысты депутат келесідей ұсыныстарды айтты:
- Салалардағы ЖИ-ге дайындықты бағалау үшін цифрлық жетілу индексін енгізу және регуляторлық аудит жүргізу;
- ЖИ дамыту тұжырымдамасының мәртебесін арттырып, оны мемлекеттік жоспарлау құжаттарында міндетті түрде ескеру;
- Халықаралық қауіпсіздік стандарттарына негізделген салалық ЖИ регламенттерін әзірлеп, оларды салааралық сараптамалық комитеттерде бекіту;
- Цифрлық криминалистика құралдарын дамыту, ЖИ арқылы жасалған құқық бұзушылықтарға әрекет ету механизмдерін енгізу;
- Құқықтық «құмсалғыштарды» кеңінен енгізіп, жаңа технологияларды қауіпсіз түрде сынау мүмкіндігін қамтамасыз ету; •
- Заңнамалық актілердің машиноқұрылымдық болуын қамтамасыз етіп, заңгер кадрлардың ЖИ саласындағы біліктілігін арттыру.
«Біздің фракция үкіметпен бірге жасанды интеллектті құқықтық реттеуді «тірі заң» форматында, бизнес пен сарапшылардан кері байланыс ала отырып, әрі қарай жалғастыруға дайын», деп түйіндеді сөзін депутат.
Смышляева бұл ұсыныстар ЖИ-ді қауіпсіз, әділ және тиімді енгізуге құқықтық негіз қалау үшін аса маңызды екенін атап өтті.