
Маусым айының 18–19 күндері «Ауыл» партиясы жанындағы Жастар қанаты «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Ұлытау облысының екі қаласында – Сәтбаев және Жезқазған қалаларында сенбілік ұйымдастырды.
Акцияға Жастар қанатының студенттері, партияның өңірлік филиалының өкілдері қатысты.
Жезқазған қаласындағы «Мәңгілік алау» маңындағы көлді мекен аумағында қоқыс жиналып, маңайы абаттандырылды. Туған өлкесіне сүйіспеншілікпен қараған әрбір жас қаланың экологиялық тазалығына өз үлесін қосты.
Акцияда жастар табиғатты қорғауға, туған өлкені таза ұстауға деген жанашырлығын көрсетті.
«Ауыл» партиясының Ұлытау облысы бойынша өңірлік филиалының төрағасы Абзал Бақытұлы «Біз бәріміз туған қаламыздың гүлденуіне, тазалығына жауаптымыз. «Таза Қазақстан» акциясы тек сенбілік емес, бұл табиғатқа деген қамқорлық. Сондықтан баршаңызды айналамызды таза ұстап, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға шақырамын»,-деп қала тұрғындары мен жастарды қоршаған ортаны таза ұстауға, қоғамдық жауапкершілікке шақырды.
Ұлытау облысы