
Фото: ашық дереккөз
Осылайша, Абай университеті әлемдік үздік 650 университет қатарына еніп, еліміздегі үздік бес жоғары оқу орнының бірі ретінде өз орнын айқын нықтады.
Аталған жетістік – оқу орнының білім беру сапасы мен басқару тиімділігін арттыру бағытындағы ұзақ жылдық жүйелі еңбегінің жемісі. Рейтинг нәтижесіне оң ықпал еткен басты факторлар қатарында – оқытушы мен студент арасындағы оңтайлы арақатынас, жұмыс берушілер арасындағы жоғары бедел, сондай-ақ шетелдік профессорлар үлесінің артуы ерекше атап өтіледі.
Абай университеті өзінің ұзақ мерзімді даму стратегиясына сәйкес, педагогикалық білім берудің ұлттық көшбасшысы ретінде халықаралық деңгейдегі беделін нығайтып келеді. Университеттің QS рейтингіндегі бұл ілгерілеуі – сапалы білім беру, ғылыми-зерттеу жетістіктері, халықаралық серіктестік және академиялық ұтқырлық бағыттарындағы нәтижелі жұмыстың айқын көрінісі.