Спорт • Кеше

Мағжан Шамшадин Олимпиада жүлдегерінен басым түсті

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Венгрия астанасы Будапештте дзюдодан әлем чемпионатының алғашқы белдесулері өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Мағжан Шамшадин Олимпиада жүлдегерінен басым түсті

Фото: olympic.kz

Әлем біріншілігінің екінші кезеңінде 60 келіге дейінгі салмақта татамиге шыққан Мағжан Шамшадин сенсация жасады. Ұлттық олимпиада комитетінің хабаралауынша, отандасымыз екінші айналымдағы қарсыласы, Париж олимпидасының қола жүлдегерін 10 секундта иппон әдісімен тізе бүктірді. Осылайша Мағжан испаниялық Франсиско Горригосты жарыс жолынан шығарды. 

Айта кетейік, Мағжан Шамшадин бірінші белдесуінде америкалық Дэвид Тереоны қапы қалдырған болатын. 

Соңғы жаңалықтар