
Фото: ҰОК
Ол 10 метрге пневматикалық тапаншамен ату жарысында ел намысын абыроймен қорғап, финалда 241.9 ұпай жинап, екінші орынға ие болды.
Аталған бағдарлама бойынша жарыстың жеңімпазы – Қытай спортшысы Ху Кай, оның көрсеткіші – 242.3 ұпай. Үшінші орынды Германия өкілі Кристиан Рейтц еншілеген (220.8 ұпай).
Айта кетейік, Валерий Рахымжан іріктеу кезеңінде алтыншы орын алып, финалға өткен болатын.