Тағайындау • Бүгін, 16:46

Нұрлан Алдамжаров жаңа қызметке тағайындалды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұрлан Алдамжаров Су ресурстары және ирригация ведомствосының бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.

Нұрлан Алдамжаров жаңа қызметке тағайындалды

Фото: Су ресурстары және ирригация вице-министрлігі

Сала министрлігінің мәліметінше, Ташкент инженерлік ирригация және ауыл шаруашылығын механизациялау институтын тәмамдаған Нұрлан Алдамжаров еңбек жолын 1999 жылы «Ташоблмелиоводстрой» трестінің №5 механикаландырылған өндірістік колоннасының 4 разрядты монтаждаушы шебері лауазымынан бастаған.

2002-2008 жылдар аралығында Ташкент, Шымкент қалаларының коммуналдық кәсіпорындарында түрлі қызметтер атқарған.

2008-2012 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы су ресурстарын реттеу және қорғау бөлімінің жетекші маманының міндетін атқарушы, жетекші маманы, бас маманы.

2012-2014 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы Ауыз сумен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, басшысы, басқарма басшының орынбасары.

2015 жылы – Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы болып тағайындалған.

2015-2016 жылдары – «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы департаменті директорының орынбасары, Партиялық бақылау қызметінің басшысы қызметтерін атқарған.

2016 жылы – АШМ Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» РМК гидротехникалық құрылымдар бөлімінің жетекші маманы болды.

2016-2018 жылдары – аталған комитеттің төраға орынбасары.

2018-2020 жылдары – Жамбыл облысы әкімдігінің Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы.

2020-2023 жылдары – Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

2023 жылғы қазан айынан бастап осы уақытқа дейін Су ресурстары және ирригация вице-министрі қызметін атқарды.