
Алматы қаласының Туризм басқармасы мен Шаньдун провинциясының туристік ұйымдары арасында қол қойылған келісімдер бірлескен туристік өнімдерді дамытуға, Қытайдан келетін туристер ағынын арттыруға және қаланың инфрақұрылымын кеңейтуге бағытталған. Бұл қадамдар Алматының халықаралық туристік орталық ретіндегі орнын нығайтып, екі ел арасындағы мәдени және іскерлік байланыстарды дамытуға ықпал етеді.
2024 жылы Алматы қаласына Қытайдан 99 мыңнан астам турист келген, бұрнағы жылмен салыстырғанда 50%-ға артық. Меморандум Қытайдан келетін туризмді дамытудағы маңызды кезең әрі қонақжайлылық пен туризм саласындағы ұзақ мерзімді, өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашады.