Қаржы • Кеше

Биржалық сауда азық-түлік қауіпсіздігі мен экономикалық өсуге тікелей байланысты - Сергей Цой

30 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Әлемдік экономика тұрақты даму талаптарына қарай бет бұрып келеді, сондықтан ESG бүгінгі таңда бизнес үшін маңызды өлшемге айналды. Қазақстандағы «Каспий» тауар биржасы – осы бағытты өз жұмысында енгізген аздаған компаниялардың бірі, деп жазады Egemen.kz

Биржалық сауда азық-түлік қауіпсіздігі мен экономикалық өсуге тікелей байланысты - Сергей Цой

«Каспий» тауар биржасының директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор және ESG бағытының кураторы Сергей Цой Zakon.kz-ке берген сұхбатында ESG қағидаттары – ашықтық, экология және корпоративтік жауапкершілік екенін атап өтті. Сондай-ақ, ESG тәсілі бәсекеге қабілеттіліктің факторы ретінде тек Қазақстанда ғана емес, жаһандық деңгейде де маңызды екенін айтты.

– Сергей, алдымен өзіңіз жайлы айта өтсеңіз. Тұрақты даму саласына қалай келдіңіз?

– Менің мансап жолым экология және әлеуметтік салаға байланысты болды – мемлекеттік органдарда, әкімдіктерде, Экология министрлігінде жұмыс істедім. 7 жыл бұрын тұрақты даму тренд екені айқындалды.  Қазақстан осы бағытта дамып жатыр, ал бизнес ESG  экология, әлеуметтік сала және корпоративтік басқаруға мән бере бастады. Қазір мен бұл қағидаттарды «Каспий» биржасында іске асырып жүрмін.

– ESG – қазіргі заманғы бизнестің ажырамас бөлігі ме?

– ESG бизнестің барлық салаларына қатысты – бұл енді must have. Әлем тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруда, ал Қазақстан бұл мақсаттарды стратегиялық құжаттарда бекітті. Биржалық сауда азық-түлік қауіпсіздігі мен экономикалық өсуге тікелей байланысты. Биржа неғұрлым ашық жұмыс істесе, экономика да соғұрлым орнықты болады.

– ESG ашықтықпен тікелей байланысты ма?

– Әрине. Саудаға қатысушылар баға қалай қалыптасатынын, қандай рәсімдер барын түсінуі керек. Бұл – қаржылық емес есептілік: экология, әлеуметтік жауапкершілік, басқару. Біз бұл ақпаратты ESG есебі арқылы қолжетімді етеміз. Өткен жылы 2023 жылдың есебін жарияладық, қазір 2024 жылға арналған есепті дайындап жатырмыз.

– Биржа экологиялық күн тәртібіне қалай әсер етеді?

– Біздің климатқа әсеріміз аз, бірақ біз арқылы сауда жасайтын компаниялар – қоршаған ортаға үлкен әсер ететін ірі кәсіпорындар. Біз өз мысалымыз арқылы халықаралық стандарттарды енгізу  қажеттілік екенін көрсеткіміз келеді. Қазіргі таңда Greenhouse Gas Protocol әдістемесі бойынша парниктік газдар шығарындыларын есептедік және тәуелсіз аудиттен (верификациядан) өттік.

– Сауда қатысушыларына экологиялық талап қойыла ма?

– Иә, біз бұл стандарттарды клиенттеріміз бен серіктестерімізге біртіндеп енгіземіз. Компаниялардың қоршаған ортаға әсерін білгіміз келеді. Бұл – ESG мәдениетінің бір бөлігі. Ерте ме, кеш пе, барлық экономикалық қатысушылар ESG енгізуге мәжбүр болады, сондықтан біз қазірден бастап әріптестерімізді осыған дайындағымыз келеді.

– Халықаралық тәжірибе биржа жұмысына әсер ете ме?

– ЕО-да барлық жеткізу тізбегі бойынша көміртек көрсеткіштері қадағаланады. Мұндай талаптар сауда алаңдарына да қатысты. Қазақстанда бұл міндетті талап емес, бірақ біз өз әрекетіміз арқылы үлгі көрсетіп, бұл қадамды серіктестерімізден де күтеміз.

– Экология тауар нарығына қалай әсер етеді?

– Әрине. Мысалы, құрғақшылық, су тасқыны секілді климаттық тәуекелдер ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасына тікелей әсер етеді. Мәселен, жақында Батыс Қазақстанда болған су тасқыны салдарынан бұл өңірге арнайы көмек, құрылыс материалдары, азық-түлік және т.б. жедел жеткізу қажет болды. Биржа осы тәуекелдерді ескереді.

– ESG-да қандайда бір сүзгі бар ма?

– Бұл жерде тек табыс табу емес, қоғамға, табиғатқа әсерді ескеру, ашық болу маңызды дер едім. Бұл  жаңа корпоративтік мәдениетті қалыптастырады.

– ESG бойынша іске асырылған нақты мысалдар бар ма?

– Иә, нақты кейстер бар. Пандемия кезінде акционерлердің бірі жарнама жасамай, мұқтаж жандарға көмекке қаржы бөлді. Бұл – әлеуметтік жауапкершілік. Тағы бір акционер осыдан 15 жыл бұрын көміртек квоталарымен сауданы дамыту бастамасын көтерді. Ал  бұл күрделі, көп білім мен инвестицияны талап ететін тақырып болатын. Бұл мысалдар бүкіл жұмыстың бағытын айқындады. Біз сонымен қатар жемқорлыққа және кемсітушілікке қарсы қатаң стандарттар енгіздік. Біздің ESG есебіміз S&P Global CSA нұсқасы бойынша 100 балдан 42 балл алды, ал әлемдік орташа деңгей  30 балды құрайды.

– Ішкі инфрақұрылым қалай ұйымдастырылған?

– Биржа – бұл цифрлық платформа. Бізде ISO 27001 және 27002 стандарттары бойынша сертификаттау бар, ақпараттық қауіпсіздік бойынша тәуелсіз аудит жүргізілді. Біздің бағдарламалық қамтамасыз етулер мемлекеттік жүйелермен, атап айтқанда мұнай өнімдерін есепке алу және жер қойнауын пайдалану саласындағы сатып алу жүйелерімен интеграцияланған.

– ESG қай елдерде қалыпты жағдайға айналды? Жеке адам тұрақты дамуға қалай қатыса алады?

– Әзірге толықтай тұрақты даму ешбір елде толық жүзеге аспағанымен, Еуропалық Одақ бұл бағытта көшбасшы саналады. Әр адам бұл үдеріске қарапайым әрекеттер арқылы қатыса алады: заттарды үнемдеп пайдалану, қоқысты сұрыптау, суды және электр энергиясын үнемдеу, сондай-ақ адамдармен құрметпен қарау.

– Көміртек бірлігі мен офсеттер саудасының перспективасы қандай?

– Көміртек бірліктері – экологиялық көрсеткіштердің жалғыз монетизацияланатын түрі. Біз Қазақстанда бұл бағытта алғашқымыз және әзірге жалғызбыз. Реттелетін нарық Экокодексте белгіленген: квоталарды мемлекет береді, сауда тауар биржаларында жүргізіледі. Қазір бұл жүйе уақытша тоқтатылған және заңнамалық жаңарту жүріп жатыр. Сондықтан біз ерікті көміртек нарығын дамытуды белсенді түрде қолға алғымыз келеді және қазақстандық көміртек бірліктерін экспорттауды ынталандырамыз.

– Квота саудасы қаншалықты экономикалық тиімді?

Бұл өте тиімді. Егер компания квотадан көп шығарындылар жасаса, тоннасына 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді. Ал квотаның нарықтағы бағасы 1-1,5 доллар аралығында. Айырмашылық 10-15 есеге дейін.

– ESG  әлеуметтік маңызды тауарларды жеткізушіні таңдағанда артықшылық болып санала ма?

– Иә, бұл – тек есеп беру үшін емес, заманауи басқару тәсілі. Егер тендерде экология мен әлеуметтік жауапкершілік талаптары бекітілсе, бұл үлкен жетістік болады. Біз барлық биржаларды ESG бойынша тәуелсіз тексеруден өтуге шақырамыз.

– ESG-нің басты мақсаты қандай?

– Ең алдымен, жемқорлықпен күрес. Биржада қатысушылар көп, бейресми келісімдерге бару ықтималдығы бар. Біздің жемқорлыққа қарсы саясатымыз қатаң, өткен жылы ешқандай заңбұзушылық болған жоқ.

– Қазақстан жасыл экономикаға дайын ба? Қалай ойлайсыз?

– Дайын, биржалар көлемі аз болғанымен, олар – сенім инфрақұрылымы. Біз қоршаған ортаны қорғау және экологияны жақсарту бағытындағы өзгерістерге белсенді қатысуға дайынбыз.

– ESG бағалауы қанша уақыт алады?

– Дайындық 4-5 ай, рейтинг 2,5-3 ай көлемінде. Барлығы команда жұмысына байланысты. Біз Standard & Poor’s Global компаниясының жоғары стандарттарын таңдадық. Олардың рейтингі халықаралық биржалық индекстерде мойындалған.

– ESG дамуына не кедергі?

– Қазақстанның стратегиялық құжаттарында тұрақты дамуға өту нақты көрсетілген. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев адам ресурстарына бағытталған саясатқа басымдық беріп, ESG тәсілдерін мемлекеттік басқару жүйесіне, экономикаға және өңірлерге енгізудің маңызын атап өтті. Бұл бағыт азаматтық қоғам, қаржы секторы және басқа да негізгі стратегиялық құжаттарда бекітілген.

Дегенмен, ESG тақырыбы әлі күнге күнделікті қолданылатын терминге айналмадв. Көпшілігі үшін бұл маңызды, бірақ толық түсініксіз болып отыр. Бұл – қалыпты жағдай. Тұрақты даму уақыт, диалог және тәжірибені талап етеді. Біздің бүгінгі міндетіміз – күн тәртібіндегі мәселені көпшілікке, бизнеске түсінікті ету.

2030 жылға дейін бес жыл ғана қалды. Сондықтан тұрақты даму мақсаттары бизнестің деңгейінде де іске асуы тиіс. Бірақ әлі кеңінен түсіндіру жұмыстары мен практикалық қадамдар жетіспейді. Біз нақты құрылымдарды айыптамаймыз – бұл ортақ міндет. Сондықтан өөзімізден бастап, белсенді түрде әрекет етіп, осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз.

Биыл шілде-тамыз айларынан бастап Қазақстан банктері ESG-метрикаларына көшуде: енді несие беру кезінде клиенттердің экологиялық, әлеуметтік және басқару көрсеткіштері ескеріледі. Бұл енді тек концепция емес, нақты көрініс. Бұл жүйе жұмыс істей бастағанда бизнес пен қоғам тарапынан ESG деген не, оны қалай қолдану керек, жаңа талаптарға қалай сай болу туралы нақты сұраныс пайда болады.

Қаржы ағындары ESG жолына түссе, елді басқарудың философиясы да осы бағытта дамиды. Бұл – үлкен сынақ,  бір жағынан зор мүмкіндік те. Оны жүзеге асыру үшін прагматикалық және ағартушылық жұмыс қажет.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03