Шахмат • 29 Мамыр, 2025

KazChess Awards 2025 жеңімпаздары анықталды

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астанада KazChess Awards 2025 шахмат сыйлығының салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Қазақстан шахмат федерациясы 2024 жылдың қорытындысы бойынша елдегі үздік шахматшыларды, жаттықтырушыларды, төрешілер мен серіктестерді 14 номинация бойынша марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.

KazChess Awards 2025 жеңімпаздары анықталды

Фото: ашық дереккөз

Бұл шара – шахмат спортын дәріптеуге, үздік жетістіктерді тануға және болашақ чемпиондарды ынталандыруға бағытталған маңызды жоба.

Федерация президенті Тимур Турловтың айтуынша, 2024 жыл – қазақ шахматы үшін тарихи жыл болды. Отандастарымыз халықаралық ареналарда жоғары нәтиже көрсетіп, 160 медаль жеңіп алды, оның ішінде – 55 алтын, 54 күміс және 51 қола.

«Біз қазір қазақ шахматының нағыз гүлдену кезеңінде өмір сүріп жатырмыз. Бұл – еңбектің, табандылықтың және командалық жұмыстың жемісі. KazChess Awards – бұл марапат қана емес, шахматқа деген құрметтің, жаңа чемпиондарға деген сенімнің белгісі, деді Турлов.

Эдгар Мамедов – 14 жасында Қазақстан тарихындағы ең жас гроссмейстер атанып, «Үміт» медалімен марапатталды.

Бибісара Асаубаева – 2025 жылғы Sharjah Masters супертурнирінде үшінші гроссмейстерлік нормативін орындап, «Дара» медаліне ие болды

«Біздің құрама жас, бірақ өте талантты. Менің жасым 21-де,  команданың ең үлкенімін. Бұл – болашағы зор шахматшылардың буыны», деді Бибісара Асаубаева марапаттау рәсімінде.

Салтанатты шарамен қатар, 28 мамырда Астанадағы Халықаралық қаржы орталығында Қазақстан шахмат федерациясының съезі өтті. Оған еліміздің барлық өңірінен 50-ден астам делегат қатысты. Съезд барысында федерацияның жарғысына өзгерістер енгізіліп, 2024 жылдың қорытындылары мен алдағы даму бағыттары талқыланды.

Арайлым МЫРЗАХАН,

ЕҰУ 2 курс студенті