Медицина • 26 Мамыр, 2025

Балалар денсаулығын қорғауға ерекше назар аударылады - министр

40 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елімізде жыл сайын 360 мыңнан астам сәби дүниеге келеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Балалар денсаулығын қорғауға ерекше назар аударылады - министр

Министрдің айтуынша, сәбилер туған сәтінен бастап 4 мыңнан астам педиатр, 1 мыңнан астам неонатолог және жергілікті дәрігерлер тарапынан үнемі бақылауда болады.  Сонымен қатар 7 миллионнан астам бала тегін медициналық көмекке қол жеткізсе, жыл сайын 2 миллионнан астам бала скринингтен өтеді. Сондай-ақ 4,5 миллионнан астам бала профилактикалық қарап-тексерумен қамтылады, 1,5 миллионнан астам балаға иммундау жүргізіледі.

«Бүгінде әрбір мектеп белгілі бір емханаға бекітілген, онда 6,5 мыңнан астам медициналық пункт жұмыс істейді. Бұл балалардың денсаулығындағы мәселелерді дер кезінде анықтап, көмек көрсетіп, аурулардың алдын алуға мүмкіндік береді», деді Ақмарал Әлназарова.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда мектептегі тамақтанудың жаңа ұлттық стандарты енгізіліп жатыр. Ол ғылыми ұсынымдар, өсіп келе жатқан организмнің қажеттіліктері мен салауатты өмір салты қағидаттары негізінде әзірленген.

«Біз балалар денсаулығы инфрақұрылымын дамыту, ерте диагностиканы күшейту, неонаталдық көмек, онкопедиатрия, оңалту және паллиативтік қолдауға озық технологияларды енгізу жұмысын жалғастырып келеміз. 2025 жылдан бастап емханаларда ерте араласу орталықтары ашылады, олар көмекке мұқтаж барлық балаларды қолдаумен қамтамасыз ету үшін жұмыс істейді», деді министр.

Сонымен қатар «Болашаққа – сау тіспен» бағдарламасы шеңберінде еліміздегі барлық мектептерде міндетті стоматологиялық қарап-тексеру мен тісжегі дамуының алдын алу шаралары енгізілген.

«Мен, педиатр-дәрігер және министр ретінде, баланың денсаулығы — бұл оның толыққанды дамуының, өмірдегі жетістігінің және бүкіл ұлттың білімі мен күшінің негізі екенін жақсы білемін», деді Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше