
Биыл жол жөндеу, жол салу жұмыстарына ел көлемінде 10 мыңға жуық жол-құрылыс техникасы, 27 асфальтбетон зауыты және 25 мың маман тартылады.
«Бұған дейін жарияланған байқауға отандық техника шығаратын кәсіпорындардың бәрі қатысты. «Agromash» зауытының локализация орталығы – жаңа технология құрылғылармен жабдықталған және локализация үлесі жоғары зауыттардың бірі. Сондықтан шартта көрсетілген техниканың қосымша тіркемесі, аспалы қондырғылары болу керек деген тәрізді техникалық талаптар үдесінен шықтық. Техниканы қысқа мерзім ішінде «ҚазАвтоЖол» компаниясының корпоративтік түсіне бояп бердік. Біз сатып алушылардың талап-тілегін ешқашан жерге қалдырмаймыз. Компанияға «Lovol 854» тракторларының лимиттелген сериясын тапсырдық», дейді «Agromash» зауытының коммерциялық директоры Николай Пархоменко.
Жаңа тракторлар таяу күндері күре жолға шығып, кешенді қызмет көрсетуге кіріседі.
«Қостанай тракторлары негізінен жол күтіміне пайдаланылады. Мысалы, қыста жол үстін қар-мұздан тазарту, көктайғақты ерітетін материалдарды тасу, жазда жол ортасын, жол жиектерін тазарту, жуу сияқты кең ауқымды міндеттерді орындауға арналған», дейді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
«Agromash» басшылығы зауыт мемлекеттік және жекеменшік компаниялардың сұранысын кешіктірмей өтеуге қашанда әзір екенін айтады.
Қостанай облысы