
Фото: astanatv.kz
2024 жылы осындай 196 оқиға тіркелген. Министрлік әдетте, мұндай жағдайлар ересектердің қарауынсыз қалған 2-13 жасқа дейінгі балалар арасында көп болатынын жеткізді. Сондай-ақ, қайғылы оқиғалар балалардың москит торларына сүйенуінен жиі болған.
ТЖМ еліміздің барлық өңірінде профилактикалық жұмыстар күшейтілгенін атап өтті.
Төтенше жағдайлар министрлігі барлық ата-ана мен балалардың заңды өкілдерін мынадай қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады:
- Балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
- Москит торларына сенбеңіз, ол баланы ұстап қалуға қауқарсыз;
- Терезелерге арнайы бекіткіштер мен блокаторларды орнатыңыз;
- Бала терезе алдына шыға алмас үшін, терезе маңындағы жиһаздарды алып тастаңыз.