
Грепплингтен кәсіби спортшылар арасында ұйымдастырылған жарыста Думан Бекмағанбетов 84 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, қарсыластарын жеңіп, алтын медаль иеленді.
Думан Бекмағанбетов көп жылдан бері спортпен үнемі айналысып келеді.
Грепплингте бірнеше мәрте республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпазы атанған.
«Бұл жеңіс мен үшін үлкен мәртебе және жауапкершілік жүктейді. Мені қолдаған отбасыма, әріптестеріме және жанкүйерлеріме алғысым шексіз. Алдағы уақытта да Қазақстанның намысын халықаралық деңгейде қорғап, абырой биігінен көрінемін деген сенімдемін», дейді полиция қызметкері.