Шаруашылық • Бүгін, 09:13

Егіс науқанына кедергі болмауға тиіс

50 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Көктемгі егіс науқанымен қатарласа жүретін жұмыстың бірі – шегірт­кеге қарсы күрес. Биыл үйірлі шегірткенің таралуы 2,1 млн га алқапта бар көрінеді. Бұл былтырмен салыстырғанда 1 млн га-ға аз. Күрес шарасын жүргізуге республикалық бюджеттен 7,1 млрд теңге бөлінді.

Егіс науқанына кедергі болмауға тиіс

Шегірткенің залалы мен зардабын зерттеп, зерделеу жұмысына 4 600-ден астам маман тартылады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Зиянкеске қарсы күрес мақсатында 443 арнайы бүріккіш техника пайдаланылады. Оның қатарында жерүсті желдеткіш және штангалы бүріккіштер, аэрозольді газ генераторлары (ГАРД), аса жеңіл авиация (АЖА) құралдары, ұшақтар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары (ҰҰА) бар. Өңірлерде жұмысты жедел үйлестіру үшін облыс әкімі орынбасарлары жетекшілігімен әкімдіктер жанынан жедел штабтар құрылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы баяндады.

Оның айтуынша, аса қауіпті зиянкестерге қарсы күрес шараларын жетілдіру мақса­тында бүріккіш техниканың өңдеу нормаларына қатысты нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізілді. Химиялық өңдеу кезіндегі жұмыс нормалары едәуір төмендетілді, бұл өз кезегінде техника санын арттыруға мүмкіндік берді. Осылайша, биыл тартылған техниканың саны 443 бірлікке дейін көбейтілді. Былтыр Түркістан облысында жүргізілген агродрондарды қолдану жөніндегі қанатқақты жоба жоғары тиімділігін көрсетті. Осыған байланысты агродрондар мен бүріккіштердің құнын өтеу үшін АӨК субъектілеріне инвестициялық субсидия беру қағидасына өзгерістер енгізілді. Енді олардың құнының 25%-ы мемлекет тарапынан өтеледі.

«Ұшақтармен химиялық өңдеу кезінде өндіру нормалары тәулігіне 1200-ден 800 га-ға дейін, аса жеңіл авиация кемелерімен тәулігіне 1500-ден 800 га-ға дейін және аэрозольдік газ генераторларымен тәулігіне 750-ден 300 га-ға дейін төмендеді», деген вице-министр, өткен жылы шегірткеге қарсы күрес шараларына бөлінген қаражатты үнемдеу есебінен қосымша 53 дрон (оның ішінде 46 – өңдеу жұмыстарына, 7 – мониторингке) және инспекторлар үшін 68 автокөлік сатып алынғанын тілге тиек етті.

«FitoSpace» бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу жұмысы жүргізіліп жатыр. Бұл жоба «Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылуда. Сонымен қатар дрондар мен жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы геоақпараттық жүйе әзірленді. Бұл мониторинг тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Шегірткеге қарсы күрес шараларын жүр­гізу бойынша екіжақты келісімдер аясында Қа­зақ­стан іргедегі – Өзбекстан, Ресей, Қытай, Қырғыз елдерімен белсенді өзара іс-қимыл жасап отыр. Ақпарат алмасу, шекара маңындағы аумақтарды бірлесіп зерттеу және зиян­кестердің миграциясына жол бермеу бойын­­ша үйлестірілген шаралар қолға алынған. Сонымен қатар Дүниежүзілік азық-түлік ұйымы ФАО шеңберінде алыс және жақын шетелдермен шегірткеге қарсы күрес мәселелері жөнінде ақпарат алмасу мен ынтымақтастық жүзеге асырылып жатыр.

Қазіргі жағдай бойынша, республикалық фитосанитарлық диагностика мен болжамдар орталығының дерегіне сәйкес, 1 485,7 мың га жер зерттелді. Оның 572,4 мың га аумағы шегірткемен залалданған. Соның қатарында 400,9 мың га алқап өңдеуге жатады. Қазір 397,3 мың га жер өңделді. Атап айтқанда, Жамбыл облысында – 29,4 мың га, Түркістан облысында – 367,3 мың га. Барлық іс-шара Ауыл шаруашылығы министрлігінің тұрақты бақылауында.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25