Спорт • 14 Мамыр, 2025

Жарыс күнделігі: Таэквондо

70 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

БАӘ-нің Фуджейра қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында еліміздің екі таэквондошысы жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Алғашқы алтынды 61 кг салмақтағы Хамзаальпер Ромашкин жеңіп алды. Финалда ол канадалық Никола Самордичке сан соқтырды. 65 кг салмақта сайысқа түскен Сағынғали Жантөренің де бағы жанды. Қандасымыз финалда украиналық Максим Шудженконың осал тұсын оңай тапты. Алла Цой (47 кг) мен Аида Гожалимова (51 кг) қола медальді қоржынға салды.

Жарыс күнделігі: Таэквондо
  • Халықаралық таэквондо федерациясы 2026 жылғы Гран-придің финал­дық кезеңі Астанада өтеді деген ше­шім қабылдады. Сөйтіп, еліміздің жан­күйерлеріне әлемнің әр қиырынан жиналған ең үздік даян шеберлерінің өнерін тамашалау бақыты бұйырып отыр. Жарыс барысында 2028 жылы Лос-Анджелесте алауы тұтанатын жазғы Олимпия ойындарының жолдамалары сарапқа салынады.
  • 16–21 қыркүйек аралығында Қытай­дың Шэньчжэнь қаласында теннистен Билли Джин Кинг кубогінің ширек финалдық сайыстары өтеді. Аталған жарыста еліміздің әйелдер құрамасы АҚШ-пен шеберлік байқасады. Олардан бөлек, осы межеде Жапония мен Ұлыбритания, Украина мен Испания, Италия мен Қытай теннисшілер өзара күш сынасады.
  • Семсерлесуден Колумбияның астанасы – Богатода ұйымдастырылған Гран-при турнирін Руслан Құрбанов күміс медальмен қорытындылады. Бастап­қы бәсекелерде қарсылас шыдатпа­ған жер­лесіміз жартылай финалда өзбек­стан­дық Вадим Анохиннен 15:14 есебімен айла­сын асырды. Бірақ финалда Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, Азия ойындарының жеңімпазы, жапониялық Акира Коматаға жол берді – 10:15.
  • Кезінде UFC-де өнер көрсеткен 34 жастағы әйгілі аралас жекпе-жек шебері Дамир Исмағұлов (26-3, 14 КО)
    келесі кездесуін 27 мамырда Астанада өткізеді. «Алаш Прайд» промоушені ұйым­дастырып отырған турнирде қанда­сы­мыз 41 жастағы бразилиялық Алан Патрикпен (15-4, 6) күш сынасады. Ол да кезінде UFC-де айқасқан сақа спортшы.