Жәдігер • 24 Сәуір, 2025

Ясауи кесенесіндегі қабірхана есігі музейге қойылды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл 24 сәуірде «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығында Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде сақталған қабірхананың оюлы ағаш есігі таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz

 

Ясауи кесенесіндегі қабірхана есігі музейге қойылды

Фотолар: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Музей қызметкерлері көпшілікке есікті реставрациялау кезеңдері туралы әңгімеледі және есіктегі жазбалардың мағынасын да түсіндіріп өтті.

Екі жыл жүргізілген ғылыми-зерттеу нәтижесі бойынша  XIV ғасырдан бері сақталып келген қасиетті есіктің өңі сыр бере бастағаны мағлұм болған. Сол себептен 2021 жылы есік қалпына келтіру лабораториясына реставрация-консервация жұмыстары үшін жіберілген екен.

gov.kz

«Бұл жоба барысында 3D-сканерлеу, рентгенография және нейтронды томография сияқты заманауи технологиялар қолданылды. 5 жыл бойғы қайта қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесінде, есік ғасырлар бойы қордаланып қалған шаң-тозаңнан, зиянкестерден тазартылды. Бұл қасиетті есіктің әлі ұзақ сақталуына сеп болып, осы уақытқа дейінгі белгісіз жазуларды да оқуға мүмкіндік беріп отыр. Реставрациялаудан өткен қабірхана есігі Түркістанға қайтарылып, «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей қорығында сирек жәдігерлер музейінің экспозициясына қойылды», деп хабарланды Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.