Сенаторлар құжат макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау және бюджет шығындарын рационалды пайдалану мақсатында әзірленгенін атап өтті. Депутаттар кейбір баптарға келіспей, өзгерістер мен қосымшалар енгізуді ұсынды.
Соның ішінде қарастырылған қаражаттар:
-
Жылу жүйесін дамытуға – 37,9 млрд теңге, оның ішінде 2026 жылға – 9,8 млрд теңге;
-
Жылу және электроэнергетиканы дамытуға – жалпы 7,7 млрд теңге, 2026 жылға – 4,7 млрд теңге;
-
Су ресурстарына – жалпы 8,9 млрд теңге, 2026 жылға – 2,3 млрд теңге;
-
Газ тасымалдау жүйесін дамытуға 2026 жылы – 5,5 млрд теңге;
-
Жағалау бекіту жұмыстарына 2026 жылы – 2,2 млрд теңге;
-
Өнеркәсіп салаларын дамытуға 2026 жылы – 1,5 млрд теңге.
«Заңды талқылау барысында тұрақты комитеттер мен депутаттардан 77 ұсыныс түсті, олардың 76-сын қолдап, салыстырмалы кестеге енгіздік. Үшжылдық кезеңге қосымша қаражаттың жалпы сомасы – 91 млрд теңге, оның ішінде 2026 жылға – 50 млрд теңге. Шығындардың өсуі Үкімет резерві мен қарызды қызмет көрсету есебінен жүзеге асырылады», деді сенатор Сұлтанбек Макежанов.
Сонымен қатар, Сенат «2026–2028 жылдарға республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар мен астана арасындағы жалпы трансферт көлемдері туралы» заңның жеке баптарын мақұлдаған жоқ. Депутаттар әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамытуға, басталған және жалғасып жатқан жобаларды аяқтауға трансферттер көлемін 17,5 млрд теңгеге ұлғайтуды ұсынды.