Тағзым • 23 Сәуір, 2025

Қазақ руханияты қара жамылды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлт әдебиетінің классигі, қазақ кино өнерінің көрнекті өкілі Әкім Үртай­ұлы Әшімов (Әкім Тарази) дүниеден өтті.

Қазақ руханияты қара жамылды

Ол алғашқы әңгімелер жинағы «Ақбердің ауласынан» бастап қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі бола білді. Оның қала­мынан туған бірнеше ­ро­­ман мен повесть, әңгіме­лер қазақ оқырмандарының сүйік­ті шығар­маларына айналды. Біз, Әкім ағаның соңынан ерген інілері, жа­зу­шының жазу стиліне тән­ті бола­тынбыз. Пьеса, сценарий жазу­­ды қаншама қазақ жазушы­лары осы кісіден үйренгені ­ақи­қат.

Қазақтың тағы бір көр­некті жазушысы Қалихан Ысқа­­қовпен бірлесіп қаншама кино­сценарийді дү­ниеге әкелді десе­­ңізші. Ол ке­йінгі інілерге ө­л­шеусіз  қам­қор­лық жасап, мейі­рім­ді аға бола білді.

Ол басшылық қызметте де асып-саспайтын байсал­ды­лы­ғы­мен, кеңқолтық мейі­рім­ді­лі­гі­мен ерек­шеленетін.

Оның Қазақстан Жазушы­лар одағы мен киногерлер одағы­на сіңір­ген еңбегі ұшан-теңіз. «Қазақ­­фильм» киностудия­сы­ның қалып­­та­суына, өсіп-өркендеуіне сіңір­ген еңбегі бір  төбе.

Қазақтың кемеңгер, біртуар ұлы Әкім Таразисіз қазақ әде­бие­тін көзге елестету мүмкін емес.

Жатқан жеріңіз жарық болсын, асыл аға!

 

Мереке ҚҰЛКЕНОВ,

Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы