Оқиға • 18 Сәуір, 2025

Әділет министрлігінің өкілдері Meta компаниясының басшыларымен кездесті

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова елордада Meta компаниясының Орталық Азия және Шри-Ланка бойынша қоғамдық саясат бөлімінің басшысы Сенура Абейварденмен кездесті. Іс-шарада цифрлық платформаларда зияткерлік меншік нысандарын пайдалану мәселелері, сондай-ақ ынтымақтастықты одан әрі дамыту және тәжірбие алмасу тақырыбы талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әділет министрлігінің өкілдері Meta компаниясының басшыларымен кездесті

Фото: ҚР Әділет министрлігі

Айта кетейік, Әділет министрлігі мен Meta компаниясы арасындағы онлайн-келіссөздердің нәтижесінде қазақстандық музыка Instagram мен Facebook платформаларына қайта орналастырылған болатын. 9 сәуірде Қазақстандық авторлар қоғамы мен Meta компаниясы арасында қазақстандық авторлар мен құқық иеленушілердің авторлық құқық және сабақтас құқықтарын пайдалану мәселелерін реттеу жөніндегі келісім жасалған.

Цифрлық платформаларда авторлық құқықты сақтау тетіктерін талқылау және зияткерлік меншік саласындағы ынтымақтасты күшейту мәселесін қарастырған қос тарап алдағы уақытта да тығыз байланыста жұмысты жалғастыруға уағдаласты.