Спорт • 04 Сәуір, 2025

Дүниежүзілік ойындарға қатысатын каратэшілер белгілі болды

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл жазда Қытайдың Чэнду қаласында өтетін XII Дүниежүзілік ойындар (The World Games) бәсекесі өтеді. Туризм және спорт министрлігі халықаралық сында ел намысын қорғайтын каратэшілердің тізімін жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Дүниежүзілік ойындарға қатысатын каратэшілер белгілі болды

Фото: olympic.kz/Сали Сабиров

XII Дүниежүзілік ойындарда бақ сынайтын спортшылар: 

Мөлдір Жаңбырбай (-50 кг)
Әсел Қанай (-61 кг)
Софья Берульцева (+68 кг)
Қайсар Алпысбай (-60 кг)
Дидар Әмірәлі (-67 кг)
Нұрқанат Әжіқанов (-75 кг)

Бұл кешенді жарысқа құрама үздіктері жолдама алған. Чэндуда бас-аяғы 96 каратэші жүлдеге таласады. Олар әлем чемпионаты және рейтинг нәтижесінде іріктелген. Каратэден жарыс 8-9 тамызға жоспарланған.

Айта кетейік, осыған дейінгі Дүниежүзілік ойын 2022 жылы АҚШ-тың Бирмингем қаласында өтіп, Қазақстан 4 медаль (1 алтын, 2 күміс, 1 қола) жеңіп алған. Нәтижесінде делегация Португалиямен бірдей көрсеткіш көрсетіп, жалпы есепте 37-сатыға тұрақтады. Алтынды Қазақстан қоржынына Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева (+68 кг) салған еді. 

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бәсі жоғары дода

Спорт • Кеше

Зияткерлік байқау

Байқау • Кеше

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • Кеше

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • Кеше